Біз
әлеуметтік
желіде
02-05-25 |
160 рет қаралған
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Мәслихат жергілікті өкілетті орган ретінде бұл процесті заңнамаға сәйкес барынша ашық, жария түрде және қоғаммен диалог форматында ұйымдастырды.

Бірнеше кезеңдік конкурс пен ашық трансляциямен өткен сұхбаттасулар нәтижесінде Кеңес құрамына 42 адам енді, олардың ішінде:
39 – азаматтық қоғам, коммерциялық емес сектор мен сарапшылық қауымдастық өкілдері,
3 – мемлекеттік органдардың өкілдері.

Барлығы 165 өтінім келіп түсті – бұл қаламыздағы азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Құжаттарды тексеру барысында 7 үміткер конкурсқа жіберілмеді, 5-і келесі кезеңнен бас тартты. Қалғандары жұмыс тобының мүшелерімен жеке сұхбаттан өтті. Жұмыс тобына қолданыстағы Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және ҮЕҰ өкілдері кірді. Оның құрамы да ашық дауыс беру арқылы бекітілді.

Жаңартылған құрамда:
-70%-дан астамы бұған дейін Кеңес құрамында болмаған жаңа мүшелер

  • Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өндіріс, әлеуметтік осал топтарды қорғау және басқа да негізгі салалар қамтылған
  • 35 жасқа дейінгі жастар үлесі 21,4%-ға дейін өсті, Кеңес мүшелерінің орташа жасы – 46
    -Кеңеске алғаш рет оралмандар мен Ұлттық құрылтай мүшелері енді
    -Гендерлік және этникалық құрам мегаполистің сан алуандығы мен әлеуметтік құрылымын көрсетеді.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы:

Азаматтық қоғам:

Абдыхалыков Каиржан Саясатович;
Айтхожина Любовь Викторовна;
Аманжолова Зауреш Джуманалиевна;
Анарбаева Багдат Бекболатқызы;
Байгабулова Гульмира Масабаевна;
Белянов Александр Петрович;
Бижанов Султан Алиханович;
Гасанов Рафаэль Руфикович;
Джепка Богдан Игоревич;
Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы;
Жакупов Нуржан Бауржанович;
Кабашев Аскат Рахимжанович;
Кайрыев Рустам Абдусаламович;
Калимолдин Марат Маутенович;
Капасов Думан Жандосович;
Карагулов Ерулан Серикович;
Кенесов Акежан Бакытулы;
Кожамсугиров Ермек Амирович;
Курабаева Жанар Тукешкызы;
Курманбек Асель;
Курымбаев Болат Токтобович;
Қуаныш Біләл;
Лактюшин Дмитрий Николаевич;
Ли Елена Эдуардовна;
Майгарина Гульбану;
Мурзаева Алина Александровна;
Мухамеджанов Евгений Викторович;
Нуралдинов Олжас Ельтайулы;
Нуртаев Тимур Таймасович;
Нұратұлы Алтынбек;
Омарова Касиет Абдижапаровна;
Рысбеков Марлен Жаксыбекович;
Сайран Кадыр Раиса;
Сеитов Совет Саутович;
Султангалиев Тамерлан Мэлсович;
Увайсова Хадижат Мусанниповна;
Фазылжанова Анар Муратовна;
Хасенов Махамбет Кабдулкаирович;
Шардинов Шухрад Ахметжанович;

Мемлекеттік органдардың өкілдері:

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.