10-02-25 |
2480 рет қаралған
Алматы метросына жаңа қоршаулар қойылды.
Алматы метросына жаңа қоршаулар қойылды

«Райымбек батыр» бекетінде заманауи қауіпсіздік стандарттарына сай уақытша қоршаулар орнатылды. Олар қорғаныс тосқауылы қызметін атқарады және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылады. Бұл туралы Алматы  метрополитені хабарлады.

Қазіргі уақытта олардың жел жүктемесіне төзімділігі тексерілуде. Сынақтан кейін осындай қоршаулар басқа бекеттерге де орнатылады. Бұрын қойылған темір құрылымдар да қайта қаралып, қажет болған жағдайда алынып тасталады.

Еске салайық, бұл автоматтандырылған платформалық есіктер орнатылғанға дейінгі уақытша шара. Барлық жұмыс қала бюджетінсіз, метрополитеннің өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.