Біз
әлеуметтік
желіде
16-06-25 |
410 рет қаралған
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесі өзгерді.
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесі өзгерді

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс уақыты 8:00-ден 17:30-ға дейін болып өзгертілді. Түскі үзіліс: 12:30-дан 14:00-ге дейін. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті сегіз сағаттық жұмыс күні толық көлемде сақталады», – делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, «белгіленген түскі үзіліс жұмыс уақытына кірмейді, сондықтан Еңбек кодексінің барлық талаптары сақталған» деп атап өтілген.

«Алматы облысының әкімдігі мен оған қарасты барлық мемлекеттік мекемелер әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып, халыққа уақтылы әрі сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп отыр», – деп толықтырды облыс әкімдігі.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.