Алматыда белсенділер «Әйелдерге лайықты өмір үшін!» акциясын өткізді. Шеруді қиын жағдайда қалған әйелдерге арналған «Рахым» әлеуметтік үйінің негізін қалаушы Бибінұр Шералиева ұйымдастырды.
Махатма Ганди саябағында өткен шеру қала әкімдігімен келісілген.
«Досаевқа рахмет, 20 жылда алғаш рет митингте сөйлеуіме рұқсат берілді. Бұрын үйден шықпайтын еді, қазір осында билеп жүрмін», – деді Ділнар Есенова сахнада.
Жиынды ұйымдастырушылар да Қазақстандағы көп әйел алуға қарсы шықты. Олар күйеулеріне «тоқал» алып беретін әйелдерді айыптады.