Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада қазақ жазушысы Әбіш Кекілбайұлы атына берілген көшенің ресми ашылуына қатысқанын өзінің желідегі парақшасына хабарлады.
- «Бүгін Алматыда Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының есімі ұлықталды.Бүгін оның атындағы көше ресми түрде ашылды, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Бұл өз шығармалары арқылы мәңгі жасайтын қазақ халқының кемеңгер ұлына деген құрметі», -дейді қала әкімі.
Белгілі жазушы Әбіш Кекілбайұлының атына бұрынғы Каблуков көшесі былтыр, яғни 2018 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен берілген.