01-11-21 |
960 рет қаралған
Алматыда көмір тапшылығынан тұрғындар қауіпті ұмытты.
Алматыда көмір тапшылығынан тұрғындар қауіпті ұмытты

Алматы облысында көмір алу үшін көліктің жүк көтергішіне мініп алған әйелдің әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр. Әкімдіктің айтары бар ма?

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының тұрғыны көмірге келіп, жүк тиегіштің көтергішіне мініп алған әйелдің видеосы желіде тарады Ол көмірді жүк көлігінің бортына төгу кезінде де тиегіштен түспеген.

Видео желіде «Көмірдің дұрыс бөлінбеуі салдарынан адамдар соңғы қадамға баруға мәжбүр», – делінген.

Кербұлақ ауданының әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

«Халықтан дүрлікпеуді сұраймыз. Иә, желіде әйелдің жүк тиегіш көліктің көтергішіне мініп алған видеосы тарады. Мұның бәрі арандатушылық болды. Бүгінгі таңда Кербұлақ ауданының тұрғындарына көмір сатуды 2 тұйық жүзеге асырады: ЖК «Санчез» (Шұбаркөл), ЖШС «СаудаКөмір» (Қаражыра). Қазан айында Сарыөзек бекетіне 42 вагон жеткізілді. Бүгінде Сарыөзек станциясында 10 вагон бар. Барлығы кезекті сақтау арқылы жүзеге асырылуда», – деді Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев.

Айта кетейік, Кербұлақ ауданының тұрғындарына жылу беру маусымына көмір қажеттілігі 74 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 52,8 мың тоннасы немесе 71% сатылды.

Облыс бойынша көмірдің орташа бағасы 14-14,5 мың теңгені құрайды. Теміржол қатынасы жоқ өңірлерде көмір жақын маңдағы тұйықтардан автокөліктермен жеткізіледі, бұл жеткізілетін көмірдің бағасына да әсер етеді. Мұндай өңірлерде жеткізу қызметін есепке алмағанда баға 19-20 мың теңгеге дейін барады. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.