28-08-24 |
6210 рет қаралған
Алматыда LED-экрандағы жарнама салығы көтерілді.
Алматыда LED-экрандағы жарнама салығы көтерілді

Қала мәслихатының XXII сессиясында сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін жаңа мөлшерлеме бекітілді. Енді «А» санатындағы көшелердегі LED-экрандар үшін төлем бұрынғы 20 АЕК (73 840 теңге) орнына 40 АЕК (147 680 теңге) болды.

Бұл шешім электр қуаты мен жер теліміне жүктеме түсіруіне, сондай-ақ ретсіз көрініс үшін өтемақы төлеу қажеттілігіне байланысты.

Ақпан айында жоба «Ашық НҚА» сайтында көпшіліктің талқылауы үшін жарияланды. Кәсіпкерлер үшін өтпелі кезең беріледі, өзгерістер қараша айында күшіне енеді.

Алматыда қазір 825 LED-экран бар және жаңа мөлшерлеме айына 55,9 млн теңгеге бюджетті толықтырмақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.