05-11-18 |
1600 рет қаралған
Алматыда Панфиловтың 125 жылдығы аталып өтті.
Алматыда Панфиловтың 125 жылдығы аталып өтті

    5 қараша күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың 125 жылдық мерейтойы аталып өтті. Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған кешке қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР Қарулы күштері Бас штаб басшысының орынбасары, генерал-майор М. Таласов, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы консулы И.Переверзева, зиялы қауым өкілдері және И.В.Панфиловтың ұрпақтары қатысты. Кеш соғыс уақытын бейнелейтін сахналық қойылымдар мен ән-бимен қатар өріліп отырды. Сондай-ақ, сахнада ҚР Халық артисі Р. Рымбаева, Е.Шүкіман, «Ағайындылар» тобы, Б.Байқадамов атындағы капелла мен гарнизонның әскери дирижері, капитан Ұлан Әбдірахманов жетекшілік ететін Алматы аймақтық гарнизонының құрама әскери оркестрі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық Әскери-патриоттық орталығы филиалының әнші, бишілері, «Жас сарбаз» балалар хоры өнер көрсетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.