Алматы әкімі Ерболат Досаев 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шара «Қарағайлы» скверінде өтіп, Қазақстанның жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамының басшылары мен 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Жұмат Шаниннің немересі Райхан Шанина сөз сөйледі.
Гүл қою рәсіміне қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтары, қала халқы, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастар ұйымдарының өкілдері де қатысты.
Қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырағандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.