26-04-24 |
10390 рет қаралған
Алматыда су нысандарын түгендеу жұмыстары басталды.
Алматыда су нысандарын түгендеу жұмыстары басталды

Қалада 2021 жылдан бастап салынған су қорғау белдеулері мен гидротехникалық құрылыстарды қайта түгендеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматыда шаһар басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен өткен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, ол шаралар су қорғау белдеулері мен аймақтарының шекараларын анықтау үшін қажет. Бұл жұмыс 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады.

Айта кетейік, Алматының су нысандары соңғы рет 2018 жылы түгенделді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.