arasha.kz

Алматыдағы баннер: Ел басынан шіриді

Алматы белгісіз белсенділер «Ел басынан шіриді» деген жазуы бар жәнен #qazaqkoktemi хэштегі жазылған баннерді (суретте) үлкен жолдың бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің үстіне ілген. Баннердің суретін инстаграм әлеуметтік желісіндегі rukh2k10 аккаунты жариялады. Аккаунттың баннерге суретіне қосымша жазылған мәтінді Азаттық қазақшаға аударып берген әрі мұндай қарсылық сипаттағы баннерлердің ілінуі бір бұл емес екенін де жазған.

«rukh2k10 аккаунтында жарияланған постта «Осы акция арқылы халыққа елдің тағдыры біздің қолымызда екенін көрсетіміз келеді. Бізге жақпағандарға «жоқ» деп айтуға әрқашанда құқығымыз болған, бізде сөз бостандығы құқығымыз бар және сол құқығымызды қорғаймыз. Елде заңсыздық, жемқорлық және қорлау жайлағанда, девальвация, кредит пен ипотека займдары шектен тыс асып кеткенде біз шашылып «Бірінші президент күнін» тойлап жатырмыз» деп жазылған.

Қазақстанда бұған дейін де жас белсенділер баннер іліп өз ойларын білдірген. Билік баннер ілген жастардың ісін «заңсыз» деп танып, жауапқа тартқан. Биыл 21 сәуірде Алматыдағы марафон кезінде «Шындықтан қашып құтылмайсың» деген жазуы бар баннер ілгені үшін белсенді Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті сот 15 тәулікке қамап, қатарында Сүйінбике Сүлейменова да бар үш азаматқа «бейбіт жиын өткізу ережесін бұзды» деп айыппұл салған.

Ал 29 сәуірде Роман Захаров есімді жас Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге Қазақстан Конституциясындағы «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген цитатамен баннер іліп, сол бес тәулікке қамалғанБірақ кейін апелляциялық сот Роман Захаровты қамаудан босатқан» деп жазады Азаттық.

Exit mobile version