19-12-19 |
960 рет қаралған
Алматыда жастарға жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталды.
Алматыда жастарға жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталды

фото: ktk.kz

Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы жастарға жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталғанын хабарлады.

«Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы 2019 жылғы «16» желтоқсаннан бастап «29» желтоқсан аралығында Алматы қаласының 29 жасқа дейінгі жастарынан «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберіндегі «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру» бағыты бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдауды жүргізеді.

Өтініштер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz  сайты арқылы қабылданады. Авторизация сайтта электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан (ХҚКО) алуға болады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайлар Алматы қаласының шеңберінде тұрғын үйлердің түсуіне байланысты 5 жыл мерзімге беріледі (пулдар бойынша). Қазіргі уақытта Алатау ауданындағы 546 пәтерлерден тұратын екінші пул бар» делінген басқарма таратқан хабарламада.

Сондай-ақ жалға берілетін баспана алуға үмітті азаматтарға қойылатын талаптарды да келтірген.

  • «29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады;
  • Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау (осы қалада тұрғын үй алуға үміттенетін адамдар үшін);
  • Орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау;
  • соңғы алты ай ішінде кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы табыстың болуы (101 мың теңге);
  • банкте жинақ шоттың болуы».

Жастарға жалға берілетін үй алушыларға қойылатын талап осындай.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.