18-05-18 |
4580 рет қаралған
Алматыда жыл сайын екі жүздей мүгедек адам жұмыс іздейді.
Алматыда жыл сайын екі жүздей мүгедек адам жұмыс іздейді

17-мамырда Алматы қаласында мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Жұмыспен шектеусіз қамту» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара ұйымдастырған қалалық жұмыспен қамту орталығы Медеу ауданы әкімдігі және Медеу аудандық Мүгедектердің ерікті қоғамы.

Жәрмеңкеге алпыстан аса мүмкіндігі шектеулі адам қатысты. Әртүрлі салалардан отыздан аса жұмыс берушілер келіп, олар  алпысқа жуық бос жұмыс орындарын ұсынғанды.

Жәрмеңкеде «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы, Наурызбай ауданының Мүгедектер қоғамы, «Алатау» мүгедектер қоғамы мүшелері келді. Ұсынылған жұмыс орындары әлеуметтік қызметтер, компьютершілер, тігіншілер, еден жуушы жұмыстары болды.

Жұмыс берушілер өз кәсіпорындарындағы жұмыстарды ұсынып, әңгімелесу өткізіп, жұмысқа қабылдаудың шарттары туралы айтып берді. Сонымен бірге, жәрмеңке барысында, жұмыссыздардан 40 түйіндеме қабылдады.

Айта кетейік, бүгінгі күні Алматы қаласында 34,7 мың мүгедектер оның ішінде 3276 мүгедек балалар тұрып жатыр. Бұл бүкіл мемлекет бойынша мүгедектер санының 7,2 % құрайды. Қалада психикалық аурумен ауыратын мүгедектер үшін екі медициналық әлеуметтік мекеме, 15 әлеуметтік бөлімдер және екі мүгедектерді сауықтыру орталықтары жұмыс жасайды.

Жыл сайын қала аудандарының жұмыспен қамту бөлімдеріне 200-дей мүгедектер жұмыс іздеп келеді екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.