22-07-24 |
7020 рет қаралған
Алматыдан кейін іле шала Астана да қоғамдық көлікте жүру құнын көтерді.
Алматыдан кейін іле шала Астана да қоғамдық көлікте жүру құнын көтерді

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген. Бұған дейін қаулы жобасы ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарылған болатын.

Айта кету керек, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурыз айынан бастап тегін ұйымдастырылып келеді. Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация өткізу.

Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

2) жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

3) көп балалы аналар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) мүгедектер;

6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).

7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

Айта кетсек, өткен аптада Алматы қаласында қоғамдық көлікте жүру билеті 80 теңгеден 120 теңгеге көтерілген болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.