05-10-18 |
2070 рет қаралған
Қамқоршылық кеңестің қарымы мықты.
Қамқоршылық кеңестің қарымы мықты

Мектептерде ақша жинауға болмайтыны бұрыннан айтылып келе жатқан мәселе. Себебі, білім ордасы парақорлық, тамыр-таныстық, сыбайластық сынды жат қасиеттерден неғұрлым жоғары тұрғаны абзал. Әрине, сынып болып бірлесіп ақша жинау, ақылдасып оқушыларға қажет заттарды алуда тұрған әбестік жоқ. Сырт қарағанда солай көрінгенмен, бір сыныптағы балалардың жағдайы бірдей емес қой. Олардың әлеуметтік, қаржылық мүмкіндіктері де әрқалай. Бір үйде оншақты бала тәрбиелеп отырған, ата-анасы кемтар, жұмыссыз жандардан ақша талап ету қаншалықты орынды? Баласын қатарластары алдында кем көрсетпеу, жәутеңдетпей үшін ата-ана аузындағыны жырып беретіні түсінікті. Бірақ, там-тұмдап басталған ақша жинау үрдісінің кейіннен тұрақты шараға айналып, тұрмысы төмен жандардың қалтасына салмақ түсірмесіне кепілдік жоқ. Осыған орай, қоғам, үкіметтік емес ұйымдар ақылдасып, бірлесе келе «егер балалардың білім алуына қажетті құрал-жабдықпен қамтуға, оқушылардың білім додаларында бақ сынауына қолдау білдірем деушілерге арнап неге қор құрмасқа» деген тоқтамға келгені есімізде. Оның үстіне, мектепішілік мәселенің барлығына мұғалім ғана жауапты болмауы керек. Сондықтан ағарту ісіндегі түйткілдерді шешу үшін бірлесіп жұмыс жасау маңызды. Бұл ретте қамқоршылық кеңесін құру жүкті жеңілдетуге, қиындықтарды азайтуға айтарлықтай ықпал етеді. Қамқоршылық кеңес мектеп жұмысындағы кемшіліктерді анықтау, ұсыныстар жасау, әкімшілік есебін тыңдау мен бюджет қалыптастыру мәселесімен айналысады.

Кеңес құрылған кезде оның жұмысына күдік келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, уақыт өте келе жаңа ұйым мектеп басшылығының жұмысына баға беретін, жұмысының жақсаруына, оңалуына, бұрынғыдан да тиімдірек болуына нақты ұсыныстар айтатын құзыретке ие бола бастады. Жалпы, қамқоршылық кеңестер мектеп, колледж бен университет менеджменті жұмысын ашық етуге арналған реформа деп қабалдағанымыз жөн. Бүгінде жұмысын жүйелеп үлгерген кеңестің құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, құқық қорғаушылар мен ата-аналар және белсенділер топтастырылып отыр. Бірігіп жұмыс атқаратын бұл одақ мектеп пен мұғалімдерді ақша жинаушы деген жаман атақтан да арылтуға себепші болуда. Өйткені, білім беру мекемесінің басшылығы кеңеске мүше бола алмайды. Бірақ мәселені талқылап, пікір айтуға құқылы.

Ақшамен байланысты ұйым, мекеме, қорлардың жұмысы құқықтық тұрғыдан жасақталып, бақыланып отыруы заңды. Қамқоршылық кеңес жұмысы да «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту» мәселесі «Білім туралы» заңда оң шешімін тапқан. Осы қағидаға сәйкес, Қамқоршылық кеңес меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымын алқалы басқару нысанының бірі болып табылады. Білім беру ұйымының қызметтерін жүзеге асыруға көмектесу, білім алушылардың және тәрбиеленушілерің оқуы, тәрбиесіне ықпал ететін қажетті, қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасау, білім беру ұйымына қаржылық қолдау, материалдық-техникалық базасының күшейтілуін қамтамасыз ету, әлеуметтік осал топтағы білім алушыларға білім алуда, тұрмыстық жағдайларын жақсартуда және жұмысқа тұруда көмектесу секілді маңызды міндеттер жүктелген қордың мүшелері өз қызметтерін өтеусіз, яғни ақысыз атқаруы міндет.

Қамқоршылық – білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін қолдауға бағытталған әлеуметтік сала. Ал, қамқоршылық кеңесі – қоғамдық бірлестік болғандықтан ол білім беру мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады. Осыған орай, білім ордаларының әр теңгеге есеп беріп, шығынның қайда кеткенін көрсетіп беруі қор тарапынан қатаң бақыланады. Дұрысын айтқанда, Қамқоршылық кеңес білім ордасына демеушілік танытатынды бір ортаға жинайтын, сонымен бірге, әлеуметтік осал топқа қолдау көрсетуді көздейтін орын. Оның жұмысының таза, сапалы атқарылуы білім ордаларындағы жемқорлықтың да жойылуына алып келері анық.

Білім және ғылым минситрілігінің мәліметіне сенсек, бүгінгі күні білім ордаларының жанынан 742 қамқоршылық кеңес құрылған. Және оның барлығы мектеп басшылығының жұмысына қолдау көрсетіп қоймай, мемлекет, демеушілер тарапынан берілген қаржының  қайда, қалай жұмсалғанын қадағалауға, басшылықтан есепті талап етуге құзыретті болып отыр. Бұл игілікті іс мектеп бюджетінің ысырапқа ұшырамай, лайықты салаға жұмсалуына әсер етеді деген сенімдеміз.

Дастан Саймасаев

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.