arasha.kz

«Аманат» партиясы Митталды жауапкершілікке тартуды талап етті

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісіндегі «АМАНАТ» партиясы фракциясының мүшелері «Арселор Миттал Теміртау» АҚ басшысы Лакшми Митталды жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Еліміздің жұртшылығы, Парламент Мәжілісіндегі «АМАНАТ» фракциясының депутаттары «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында кеншінің өліміне әкеп соқтырған апатты терең өкініш пен наразылықпен қабылдады. Болған жағдай көмір шахталарындағы техниканың жай-күйінің, сондай-ақ өндірістік персоналдың ойланбастан қысқартылуының тікелей салдары – деді фракция мүшелері жолдаған ашық хатта.

Биыл 1 тамыздан бастап қосалқы жұмысшыларды, оның ішінде шахталық конвейерлерге қызмет көрсететіндерді жер бетіне шығару салдарынан өрт шыққан.

Мұндай жағдайлар бұрын АМТ-ның болат бөлімінде орын алып, онда да адам шығыны да болған.

«АМАНАТ» партиясының депутаттары бұған дейін де депутаттық сауал жолдап, өрттің оқпанында қалып қаза тауып жатқан өзіміздің отандастарымыз – инженер-техникалық қызметкерлер емес, ақша үнемдеу туралы шешім қабылдаған компанияның жоғарғы басшылығын – шетелдік азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен болатын. Трансұлттық компанияның басшысы Миттал мырза бірнеше рет ескерту жасағанымен, қайғылы оқиғалардың, азаматтардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу үшін күш салуға тырыспайды – дейді фракция мүшелері.

Осылай деген депутаттар үкіметке арнайы өтініш жасады.

Біз Үкіметке өтініш жасаймыз: есеп айырысатын уақыт келді – Миттал мырзамен кіндігіміз байланып қалған жоқ, онымен қоштасатын кез келді! Заң барлық адамдар үшін қатал және әділ болуы керек! Сонымен қатар біз Бас прокурордың аталған трансұлттық компанияның басшысы қай жерде болса да жауапқа тартылуын талап етеміз! Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз! – делінген ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, «АМАНАТ» партиясы фракциясының мүшелері жариялаған ашық хатта.

Arasha.kz

ФОТО: bugin.kz

Exit mobile version