«Amanat» партиясындағы депутаттар өздерінің партияласы, депутат Аманжол Әлтаевтың суверенді Қырғыз Республикасы президенті Садыр Жапаровқа соқтыққанын ауыр қабылдады.
Бұл туралы dalainside телеграм арнасы жазды.
Ішкі жабық консультацияларда «Әлтаев мәселесін» партияның әдеп жөніндегі комиссиясына шығару мәселесі сөз болған. Amanat-тағы «ақын-жазушылар» фракциясы (Заитов, Әшімжан, Толықбай, Аралбайұлы) Аманжол Әлтайды қорғап қалғысы келсе, «юристер» блогы екі ел арасындағы дипломатияны бұзған мұндай адамның партияға сай еместігін айтуда.
Аманжол Әлтай обалы не керек, саяси қателігін жуып-шаюға тырыса бастады. Әркімге бір телефон шалып, дұрыс көзқараста екенін, «Жаңа Қазақстан» солдаты болып қалатынын хабарлап жатыр.
Amanat «Әлтаев мәселесін» әдеп комиссиясына шығара ма? Әзірге төраға Қошанов нақты позициясын білдірмеді. Бірақ көмекшісіне «Әлтаев» тақырыбын әлеуметтік желілерде бақылап отыруға тапсырма берді. Бірлескен отырысқа дейін шу басылса, Әлтайды бір жолға кешіріп, мәселені ұмытуға дайын.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ерлан Қошанов 1 қыркүйек парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу бойынша өкімге қол қойды.
Айтпақшы, дәстүр бойынша осы отырысқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, халыққа жолдау жасайды деген бейресми ақпарат бар.
Arasha.kz
ФОТО: aikyn.kz
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024