29-04-24 |
6890 рет қаралған
Аналар кеңесі экологиялық акцияға қолдау білдірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі де өнегелі ұрпақ апталығына белсенді үлес қосуда.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ауласында аналар кеңесінің мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері гүл екті.
Аталған мекеме зейнет жасына жеткен белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қарттарға толық мүмкіндіктер жасау арқылы, денсаулығын қолдау және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
- «Әрбір ұрпақтың ел-жұрты, алдыңғы толқын аға буын алдындағы бас тартуға болмайтын, адамдық әрі азаматтық парыздары болады. Біз Жамбыл облысының аналар қауымы «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіреміз. Үлкенге құрмет көрсету – жас ұрпақтың міндеті. Осы орайда, жамбылдық аналар акцияға атсалысып 100 гүл екті. Бүгінгі шарамыз да осындай ізгі істің жалғасы болмақ» – деді ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Иниятқызы.
Бүгінде, облыс бойынша құрылған 162 Аналар алқасының құрамындағы 700-ге жуық аналар игілікті істерге ұйытқы болып, белсенді жұмыс атқаруда.
Соңғы мақалалар.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.