Біз
әлеуметтік
желіде
24-06-25 |
460 рет қаралған
Әнші мен филармония директоры татуласқандарын мәлімдеді.
Әнші мен филармония директоры татуласқандарын мәлімдеді

Түркістандағы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі Наркенже Серікбаева мен директоры Ғалымжан Ерназаров арасындағы дауға нүкте қойылды.

Әнші мен директор бір-бірін түсініскендерін айтып, халықтан кешірім сұрады.

«Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға рахмет! Бүгін мекемеге арнайы комиссия құрылып, Ғалымжан мырза екеуіміз бір-бірімізден кешірім сұрастық, түсіністік», — деді әнші Наркенже Серікбаева.

Филармония директоры Ғалымжан Ерназаров екеу ара дауды шешу үшін арнайы комиссия құрылып, қарағанын жеткізді.

«Кешелі бері резонанс тудырған мәселе үшін кешірім сұраймыз. Әрбір үйдің мәселесі үйдің ішінде қалғаны дұрыс еді, бірақ бүкіл елге тарап кеткен соң облыстық мәдениет басқармасынан комиссия келді. Комиссия екі тарапты да тыңдады, талап өтініштерімізді қарады. Бір-бірімізге қоятын ешқандай мәселе жоқ. Екі жақ та ешқандай дау-дамай шығарып, ұшықтырудың қажеті жоқ деп келістік», — деді директор.

Айта кетсек, кеше әнші Наркенже Серікбаева директор тарапынан қысым көріп жатқанын айтып, облыс әкімінен араша сұраған еді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.