arasha.kz

Ақпараттық-түсіндіру тобы Маңғыстау облысында

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 4-8 қараша аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Маңғыстау облысына іс-сапарға барды.

Аталған іс-сапардың мақсаты Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.

Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Калиев Ерлан Ильясович – Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының маманы, тарихшы,  Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы – ҚР Президенті жанындағы жастар кеңесінің мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты, дінтанушы, Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы – Маңғыстау облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы, тарихшы және заңгер, Жарас Ахан – тарихшы, дінтанушы, философия ғылымдарының PHD докторы.

Түсіндіру тобының мүшелері Маңғыстау облысы аумағында жергілікті әкімдік, полиця, әскер мен өрт сөндіру бөлімшелері, мектеп пен колледж базасында болды. Олар жастар арасында «Дәстүрлі діндердің рухани құндылығы», «Дін экстремизмі мен терроризмді алдын алу», «Зайырлы мемлекет және діни қағидаттар», «Жастар және дін» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары, колледж студенттері мен мұғалімдері, полиця, әскер және мемлекет қызметкерлері және т.б. топтар қамтылды.

Exit mobile version