Астана мемлекеттік қызмет хабы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Посткеңестік 15 елдегі мемлекеттік басқарудың эволюциясы: трансформацияның түрлілігі» атты кітаптың таныстырылымын өткізді. Барлық 15 посткеңестік елден келген 25 автордың ұжымдық жұмысы Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменовтың редакциялауымен жарық көрді.
Он алты тараудан тұратын бұл кітап екі жылдық бірлескен қажырлы еңбектің нәтижесі әрі посткеңестік он бес елдегі бір ұрпақтың өміріндегі өзгерістердің тереңдігі жайлы дерек береді.
Тұсаукесерді ашқан Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің Тұрақты өкілі Ілиясов Мағжан бұл кітап мемлекеттік қызметтің трансформациялық эволюциясы жайлы ең терең еңбек екенін мәлімдеді.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясының төрағасы Ларби Джакта кітапты жоғары бағалай отырып, ACSH-пен серіктестікті жалғастыруға ниет білдірді.
Бүкіл әлемге танымал сарапшылар – осы кітаптың рецензенттері қатарында. Корея Республикасының бұрынғы адами ресурстар министрі, профессор Пан Сук Ким Хабтың ерекше жетістіктерін атап өтсе, БҰҰ ЭӘМД Мемлекеттік институттар және цифрлық басқару бөлімінің директоры Джуванг Чжу кітаптың бірегейлігіне ерекше тоқталды.
Ашық пікірталастар барысында құрметті профессор әрі Ұлттық мемлекеттік басқару академиясының мүшесі, доктор Честер А. Ньюланд, Нью-Йорк қалалық университетінің Джон Джей колледжінің мемлекеттік басқару адъюнкт-профессоры, доктор Деметриос Аргириадес мемлекеттік қызметті дамыту туралы өз ойымен және көзқарасымен бөлісіп, посткеңестік республикалардың мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті трансформациялау саласында жинақтаған тәжірибесін негізге алған еңбекті жоғары бағалады.
Таныстырылымның негізгі бөлігінде кітап авторлары – Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Латвия өкілдері – посткеңестік елдердегі мемлекеттік басқаруды трансформациялау саласындағы өз елдерінің тәжірибелері мен перспективаларын ұсынды және мемлекеттік басқарудың әлеуеті мен тиімділігін арттыру бойынша ойларын ортаға салды.
Сапар аясында БҰҰ өкілдерімен ресми кездесулер өтті, атап айтқанда, БҰҰ Мемлекеттік қызмет жөніндегі халықаралық комиссиямен ынтымақтастық туралы келісімге келді. Сонымен қатар, таныстырылым барысында Джуванг Чжу ACSH пен БҰҰ ЭӘМД Мемлекеттік мекемелер және цифрлық басқару бөлімі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюды ұсынды.
Кітапқа сілтеме: https://link.springer.com/book/10.1007/978-981-16-2462-9
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024