Бүгін Ақтау қаласында жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шықпай қойды, деп жазды lada.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының жүргізушілері мен фельдшерлері бүгін жұмысқа шығудан бас тартты.
Медициналық жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, бұған дейін де жалақыны көтеруді сұрап, өтініш білдіргенімен еш нәтиже болмаған. Басшылық жалақы мәселесі ертең шешуге уәде бергенімен қызметкерлер оған сенбей отыр.
Бүгін Ақтауда 1 санаттағы шақыруларға ғана баратын 2 машина кезекшілік атқарды.