24-қарашада tengrinews.kz ақпараттық порталы «Министры МВД Казахстана: Кто запомнился на этом посту» деген тақырыппен түрлі кезеңде ішкі істер министрлігінің басқарған адамдардың қызметтік кезеңіне қысқаша шолу жасаған материал жариялапты. Оның ішінде НКВД-ны басқарған, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде қазақ жастарын қудалаған орыс генералдарының да аты-жөні көрсетілген. Ел ішінде «үш әріп» аталған қанқұйлы НКВД-нің саяси репрессия жүргізуде, еркін ойлы азаматтарды бертінге дейін қуадалаудағы жантүршігерлік ісі қазақ тарихының қаралы беттері. Ал Желтоқсан оқиғасы кезінде сол тұстағы ішкі істер органдарды НКВД секілді қазақ жастарын жазалаушы орган болғаны белгілі. Тарихтағы осындай істерді қаперге алмастан, Тәуелсіз Қазақстанның ІІМ өзін бұрынғы НКВД мен кешегі жазалаушы совет генералдарының «ізбасары» етіп көрсеткені қоғам қайраткерлері тарапынан сынға ілікті. ІІМ мұндай түсініксіз әрекетіне қоғам қайраткері Мұрат Әбенов алғашқы болып үн қатып, facebook-те жазба жариялады. «Біздің полиция «мақтаныштары» 1986 жылы жастарымызды Алматының орталық алаңынан әскер күшімен қудалап ұрып соққан, қыздарымыздың басын күрекпен жарған сол кездегі ҚазССР ІІМ министірі Платаев Андрей. Тағы бір біздің полицияға «құрметті» «қазаққа еңбегі сіңген» генерал Князев Григорий. Бұл Колбинмен бірге Свердловск қаласынан келген, Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды соттатып, түрмеге қамауға себепкер болған қылмыскер», – деп ашына жазады Мұрат Әбенов.
Материал ІІМ-нің тарихы секілді көрінгенмен, қоғам қайраткері айтып отырғандай, Желтоқсан көтерілісінде қазақ жастарын жазалаушы генералдар, НКВД секілді ұлт зиялыларын қырғынға ұшыратқан органмен бүгінгі ІІМ-нің өзін байланыстыруы шынында да өте түсініксіз жайт.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024