2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 924 мың адам немесе халықтың 4,5%-ы күнкөріс шегінен төмен табысқа өмір сүруде. Бұл – Ұлттық статистика бюро деректері бойынша, өткен жылмен салыстырғанда небәрі 4 мың адамға аз, деп жазды Курсив.
Кедейлік ең көп тіркелген аймақтар:
Түркістан облысы – 8,1%
Абай облысы – 7,3%
Жетісу облысы – 6,9%
Кедейлік ең аз:
Қарағанды облысы – 2,6%
Астана қаласы – 2,1%
Ауыл мен қалада да айырмашылық бар: қалада 3,4%, ауылда 6,5% кедей. Қала тұрғындарының тұтынуға жұмсайтын табысы ауылға қарағанда орта есеппен 30% жоғары.
Өте кедейлер (тұтыну себетінен төмен табысы барлар):
16,5 мың адам (0,1%) – бұл сан бір жылда 1 182 адамға артқан.
Индустриалды өңірлерде (Қарағанды, Павлодар) тұрғындар күнкөріс минимумынан 2,6 есе көп жұмсайды. Ал Түркістан мен Маңғыстауда – тек 1,5 есе. Бұл өңірлік теңсіздікті көрсетеді.
Кедейлердің 85%-ын 5 және одан да көп адамнан тұратын отбасылар құрайды, тағы 10% – 4 адамдық отбасылар.
Шешім жолдары:
Кедейлікпен күрес үшін:
-ауылда шикізаттық емес жұмыс орындарын ашу,
-инфрақұрылымды жаңарту,
-білімге қолжетімділікті арттыру қажет.
Бұл шаралар кедейлікті қысқартуға және теңсіздікті азайтуға көмектеседі.