18-03-19 |
2970 рет қаралған
Асхат Оралов: Біз Ресейдің оң тәжірибесін қабылдағымыз келеді.
Асхат Оралов: Біз Ресейдің оң тәжірибесін қабылдағымыз келеді

Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы дайындалды. Ол 4 негізгі блоктарға топтастырылған 89 тармақтан тұрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Асхат Оралов (суретте) айтты. 

«Министрлік Мемлекет Басшысының тапсырмаларын ескере отырып, Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасын әзірледі. Бүгінгі таңда жоба барлық мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталды. Жол картасының мақсаты – жастардың әлеуетін жүзеге асыру және дамыту үшін жағдай жасау, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру», – деді  Асхат Оралов.

Бірінші блок Жастар жылын өткізудің негізін құрайтын іс-шаралар тізбегін қамтиды. Оның негізінде бес ірі іс-шара жоспарлануда.

«Бірінші жоба- «ZEREN 2019» республикалық білім беру жастар лагерін өткізу. Өткен жылы бұл жоба сәтті жүзеге асты. Бұл жолы біз жобаны кеңейтуді жөн көрдік. Сонымен қатар, Шымкент қаласында еңбек жастарының форумын өткізу.Бұл жердегі негізгі ой, халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірлерден жастарды тарту және жұмыспен қамту мен білім беруді қолдау құралдарына деген сұранысты арттыру», – деп атап өтті Асхат Оралов.

Қостанай қаласында Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығы форумын өткізу де Жол картасына енгізілген.

«Өздеріңіз білесіздер, өткен жыл Ресей Федерациясында волонтерлік жылы болды, қазір біз олармен белсенді жұмыс істей бастадық. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін біз Қостанайда Үлкен Қазақстан-Ресей форумын жоспарлап отырмыз. Біз Ресейдің оң тәжірибесін қабылдағымыз келеді», – деді А. Оралов.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жастар синергиясы» форумын өткізуді және Осы жылды біз Президент жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңестің қорытынды отырысын жоспарлап отыр.

Айта кетсек, 2018 жылдың 5 қазанында Мемлекет Басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Ал 2018 жылдың 13 қарашасында Президент «Жастар жылын жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.