Кез келген мемлекеттік бағдарламаның яки болмаса үкіметтің іске асырған жобаларының негізгі тұтынушысы – халық. Ашық үкімет жобасы да мемлекеттік органдар мен халық арасында кедергі болдырмаудың, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, азаматтардың уақытын үнемдеп, оларды толғандырған мәселелерді оңтайлы жолмен тез әрі жылдам шешуге негізделген. Мысалы, айталық, белгілі бір елді мекендегі көше атаулары совет заманынан бері өзгермей тұрғаны тұрғындарды ойландырады делік. Бұл ономастикалық мәселені бұрынғыдай мемлекеттік органдардың есігін тоздырып, бума-бума қағаздар жинап жүрмей-ақ қолыңыздағы телефоныңыз бен немесе үйдегі компьютер арқылы да шешуге үлес қоса аласыз. Мәселен, қазіргі уақытта Ашық үкімет порталында Павлодар облысы, Ертіс ауданына қарасты бірнеше ауылдың көшелерін қайта атау туралы ашық талқы жүріп жатыр. Осы талқы аяқталған соң, мемлекеттік орган мен халық талқылауынан өткен нақты шешім қабылданады. Ономастика мәселесінің солтүстік облыстар үшін аса маңызды мәселе екенін ескерсек, ашық үкімет порталы сондай өзекті проблемалардың өзін тұрғындармен бірге талқылап, ашық алаңда шешуге мүмкіндік беріп отыр.
Ашық үкімет бағдарламасы туралы алғаш рет Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған еді. Осы айтылған бастама бірден үкіметке жүктеліп, іске бағдарламасы қабылданды. Бүгінде ашық үкімет порталы бес бағыт бойынша, атап айтқанда, ашық деректер, ашық бюджеттер, ашық диалог, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бақылау, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға қатысу қатарлы бағыттарда жұмыс істеп тұр. Әрбір азамат ашық үкіметтен деректер қорын қарай алады, бюджеттің есебін көріп, мемлекеттік орган жұмысын бақылап, көше атауларын өзгерту сияқты ашық диалогқа және қаралып жатқан заң жобаларын талқылауға атсалыса алады. Бағдарламаға жауапты органның бірі – ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «ашық үкімет – демокартиялық қоғам құрудың бірден бір жолы» деп көрсеткендей, қоғамның демокартиялық үдерістерге белсене атсалысуы үшін де ашық үкіметтің азаматқа берер пайдасы зор. Мәселен, былтыр «Ашық диалог» блогына азаматтардан 19 мың сұрақ келіп түссе, биылғы бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 16 мыңға жетіп отыр. Айта кетейік, порталда 2 мыңнан астам дерек, 14 мың нормативтік-құқықтық акті, ал бюджетке қатысты 13 мыңнан астам бағдарлама орналастырылған екен. Бұл көрсеткіштердің өзі ашық үкімет бағдарламасының азаматтарға қаншалықты тиімді екенінің дәлелі болса керек.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024