Кеше Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов әкімшілік аппаратының кезекті отырысын өткізіп, онда қала әкімдігін трансформациялаудың екінші кезеңі талқыланды. Бұл туралы әкімшіліктің ресми веб-сайтында жазылды.
Әкімшілікті трансформациялауға сәйкес, әкімшіліктегі бірнеше басқармалар біріктірілетін болды. Ата айтқанда, қоғамдық даму істері, мәдениет және спорт, тілдерді дамыту және арxив ісі басқармалары біріктірілмек. Сөйтіп, Астанадағы тілдерді дамыту басқармасы жабылып, жаңа басқармаға кіріктірілмек.
Қала әкімінің бұл әрекеті тіл жанашырларын алаңдатып отыр. Мәселен, жақында құрылған «Отандастар» қоры төрағасының орынбасары, журналист Мәди Манатбек: «Астанада тіл басқармасын жабу не үшін керек болды, бұған кім араша түсе алады?! Елді ойлайтын ертеңшіл әкім деп мақтаған Бақыт Сұлтановтың бүгінгі шешімі шынымен жаға ұстатты. Елордамызда мемлекеттік тіл мәселесі шешіліп қойғандай, енді тіл басқармасы дербес мекеме ретінде жұмыс істемейтін болыпты. Бұл әкімнің де тіл дегенде тіксініп қалатынын кім білген» деп жазады. Журналисттің ойынша, қазақ тілінің қолданыс аясы үлкен аймақтардың өзінде тіл басқармалары жұмыс істеп тұрғанда, енді қазақшалынып келе жатқан Астанада тіл басқармасының жабылуы бұрыс шешім.
«Сондықтан Сұлтановтың бүгінгі шешімін асығыс жасалған қадам деп санаймын. Басқадан үнемдесе де тілдік, ұлттық мәселеден үнемдеудің керегі жоқ. Әсіресе әлеуметтік мәселелер ушыққан қазіргі кезеңде. Тіл – ұлттың сүйенетін түп тамыры. Ендеше тілдерді дамыту басқармасын дербес мекеме ретінде сақтап қалуға әлі де болады деп сенемін» дейді Мәди Манатбек.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024