Экологиялық таза көлік – электрокөліктер пайдалану Қазақстанда жыл сайын өсіп келе жатыр. Мәселен, 2023 жылы елде электрокөліктер саны 13 есеге өскен. Ал Астана қаласы мұндай көлік түрін көп қаланың үздік үштігіне кіреді. Алайда, электрокөліктер Астананың аязды қысына шыдай ма деген сауал туады.
Электрокөлік иелерінің әртүрлі платформаларда жазған пікірлеріне қарағанда, Астанада электрокөлік пайдалану көп қиындық туғызбайды.
Мәселен, толық қуаттандырылған электрокөлік жазда 500 шақырым жүрсе, қыста 250-300 шақырым жүреді. Және соңғы электрокөлік үлгілерінде батареяны жылытқыш құралдары да қоса шығарылған. Яғни, бұл дегеніңіз, қыста электрокөліктердің қатып қалу, от алмау сынды мәселесі болмайды деген сөз.
Электрокөліктің қаладағы ең негізгі мәселесі – қуаттандыру мәселесі. Қазіргі кезде жабық тұрақтарда көлік қуаттандыру құралдарын көптеп көруге болады. Дегенмен, қуаттандыру құралдарының санын арттыру әрі оны қолжетімді ету мәселесі әлі де болса, бар. Қазіргі кезде қуаттандыру құралдары жанар-жағармай бекеттерінде, арнайы қуаттандыру құралдары беретін орындарында және сауда үйлерінің, тұрғын үйлердің тұрақтарында бар. 2023 жылы төтенше жағдай министрлігі қауіпсіздік мақсатында электрокөліктерді тұрақтарда қуаттандыруға тыйым салған еді. Бірақ 2024 жылдың сәуір айында өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өрт қауіпсіздігін сақтай отырып, электрокөліктерді тұрақтарда қуаттандыруға болатыны туралы қаулы шығарды. Бұл қаулы Астана қаласындағы электрокөлік иелерінің көңілінен шықты, яғни тұрақтарды көлік қуаттандыру Астана сияқты ауа-райы өте құбылмалы әрі қысы қатты аймақ үшін қажетті нәрсе екенін түсінікті. Осы қаулыдан соң, қаладағы тұрақтарда көлік қуаттандыру құралдарын көптеп кездестіруге болады. Сондықтан экологиялық таза әрі үнемді көлік – электрокөлік мінуге Астана ең қолайды қалалардың біріне айналып отыр. Бұл өз кезегінде соңғы жылдары қарқын ала бастаған электрокөлік алушылардың санын арттыратыны сөзсіз.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024