20-05-23 |
1190 рет қаралған
Астана мемлекеттік қызмет хабы әріптестікті кеңейтуде.
Астана мемлекеттік қызмет хабы әріптестікті кеңейтуде

Филиппин Ішкі істер және жергілік басқару министрлігінің Жергілікті өзін-өзі басқару Академиясы және Астана мемлекеттік қызмет хабы мемлекеттік басқару саласында өзара ынтымақтасу арқылы білім, тәжірибе және жетістіктерімен алмасатын болады.

Хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан БАЙМЕНОВ пен Филиппин Ішкі істер және жергілік басқару министрі Бенджамин АБАЛОС Астана хабының жыл сайынғы конференциясы аясында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар бұл құжат мемлекеттік басқару бойынша зерттеу және оқыту бағдарламаларын, ақпарат пен ғылыми жарияланымдар алмасуды қамтитын өзара іс-шараларды жүзеге асыру арқылы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негіз болатынын айтты.

Еске сала кетейік, министр Абалос конференцияда сыбайласқан жемқорлықтың алдын-алу және этика бойынша сессияға қатысып, өз елінің бірегей тәжірибесімен бөліскен болатын.

Конференция ауқымында Алихан Байменов, сондай-ақ, Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) және Оңтүстік-Азия мемлекеттік басқару желісі (SANPA) өкілдерімен кездесті.

Жалпы конференцияға әлемнің 30 елінен 100-ден астам ұйым өкілдері қатысты, олардың арасында – БҰҰ Бас хатшысы орынбасары, мемлекеттік басқару бойынша ірі ұйымдар – Америкалық мемлекеттік басқару қауымдастығы (ASPA), Мемлекеттік басқару шығыс аймақтық ұйымы (EROPA), Африкалық мемлекеттік басқару қауымдастығы (ААРАМ) басшылары болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.