Астана тұрғындары қоқыс тауларының көптігіне шағымдануда, оны шығарумен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға қатысы бар «Clean City NC» ЖШС айналысады.
Қала тұрғындары қоқыстың уақыты шығарылмайтынын айтып, наразылық білдіруде.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 2017 жылдан бері «Clean City NC» ЖШС қала тұрғындарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметтерін көрсетіп келе жатқанын растады.
«Контейнер алаңдарынан қалдықтарды жинау екі ауысымда жүргізіледі. Күніне 1200 тоннаға жуық қоқыс шығарылады. Мәселен, өткен жылы 305 мың тоннадан астам қалдық жиналып, тұрғындардан шығарылды. Кейбір жерде қоқыстардың уақтылы шығарылмауы туралы сұрақтар туындап жатыр, өйткені халық санының өсуіне байланысты техника жетіспейді. Бірақ бұл жерде аудан әкімдіктері көмектеседі. Өтініштер өте жылдам өңделуде», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылдың 26 қыркүйегінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды деп мәлімдегенімен, министрлер кабинеті мүшесінің бұл ақпаратының шындыққа жанаспайтыны кейінірек белгілі болды. 2024 жылдың 12 наурызында ол Назарбаевамен байланысы бар компания қоқыс шығарумен айналыспайды деп бұрын жұртшылыққа жалған ақпарат беруінің себебін анықтау керек деген пікір білдірді.