Астанада қоғамдық дәретханасы бар жылы аялдама салынды. Мұндай жаңалықты bnews.kz жазады. Аялдама «Жағалау» ықшам ауданындағы «Құлагер» тұрғын үй кешеніне жақын маңда орналасқан.
Аялдаманы АҚШ-тан келген инвестор Астана қаласы Есіл ауданының зор көмегімен 23 миллион теңгеге салған. Аялдамада төрт адам жұмыс істейді. Жұмыс уақыты таңғы сағат 6-дан түнгі сағат 22.00 ге дейін. Дәретханаға кіру бағасы – 50 теңге.