arasha.kz

Астанада бейбіт жиын өткізетін тағы бір орын пайда болды

Енді астаналықтар Сарыарқа даңғылының шығыс жағындағы скверде 300 адамға дейінгі жиындарды өткізе алады.

Астанада мына орындарда бейбіт жиындарды өткізуге болады:

– Ш. Құдайбердіұлы мен Пушкин көшелері қиылысындағы скверде (1000 адамға дейін);

– цирк жанындағы «Астана» алаңында (1000 адамға дейін);

– «Жерұйық» саябағының солтүстік-шығыс жағындағы 28 панфиловшылар ескерткішінде (200 адамға дейін);

– жазушылар аллеясынан Ш. Құдайбердіұлы мен Пушкин көшелері қиылысындағы скверге дейін (1000 адамға дейін);

– Сарыарқа даңғылындағы скверде (300 адамға дейін).

Exit mobile version