arasha.kz

Астанада эстрада жұлдыздарының қатысуымен Open Air өтті

12 тамызда Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы  жастар арасында шығармашылықты дамыту, жастар арасында бос уақытты ұйымдастыру, жастардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, жастарға мерекелік көңіл күй сыйлаумақсатында Халықаралық жастар күніне орайЕсіл өзенінің жағалауы, Кенесары хан ескерткішінің алаңында «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ» OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерті өтті.

12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.

«Биыл елорда көптеген қызықты іс-шаралармен, концерттермен, фестивальдармен қуантады. Кезекті Open Air жастар үшін арнайы ұйымдастырылғанын білгенде таң қалдым. Біз достарымызбен бірге тамаша жұмыс кешін өткіздік, ән айттық, биледік, көңіл көтердік. Баршаңызды Халықаралық Жастар күнімен құттықтаймын!» – деді елорда тұрғыны Малика Мамирханова.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев жастарды мерекемен құттықтап, өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы толығырақ айтып өтті. Сонымен қатар, фестивальге келушілер үшін викториналар мен байқаулар дайындалды. Ең белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды – power bank, құлаққаптар, музыкалық динамиктер. Сондай-ақ концерт барысында Instagram әлеуметтік желісіндегі «Абай жолымен» байқауының қорытындысы шығарылды. iPhone 15 pro иесі 21 жастағы Құлшар Бекзат болды.

Кеш қонақтары Досымжан Таңатаров, Дастан Оразбеков, Ізбасар Кеңесов, Жеңіс Ғарифулла, Нурик Бармаков сияқты жастар арасында танымал отандық эстрада жұлдыздары болады женеде кешті BayGUYS тобы жүргізді.

Мерекелік концертте жастар арасында 50 бағалы сыйлықтар (power bank, құлаққаптар, үндеткіш) ойнатылады. «Open Air» фестивалі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін өткізілді.

Exit mobile version