Біз
әлеуметтік
желіде
26-04-25 |
320 рет қаралған
Астанада қоғамдық көлікке бір күнде 1 млн-нан астам адам мінген.
Астанада қоғамдық көлікке бір күнде 1 млн-нан астам адам мінген

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетті. Бұл көрсеткіш 1 млн сапарды құрап отыр. Бұл туралы CTS хабарлады.

Қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам болатын елорданың қоғамдық көлігіндегі тәуліктік жолаушылар легі 1 005 329 сапарды құрады.

2024 және 2025 жылдары көзделген келесі шаралардың жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға және жолаушылар легінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді:

  • 700-ден астам жаңа автобус жеткізілді;
  • қоғамдық көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы 16 км/сағ-тан 18 км/сағ-қа дейін артты;
  • Автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды;
  • Bus lane (автобус жолағы) 130 шақырымға дейін ұлғайды/ұзарды;
  • 5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.

Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.