14-08-20 |
1580 рет қаралған
Астанада крематорий салына ма?.
Крематорий тағы да көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Бұл тақырып Қазақстанда әлсін-әлсін көтеріліп келеді. Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы крематорий салынуына алаңдап, өз ойын жария етті.
«Астана қаласында 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңгеге мәйітті өртейтін крематорий салынбақшы. Бұл қалай? Біз өлігін өртейтін Үндістан емеспіз. Мәйітін арулап жерлейтін мұсылман елінде мұнша қаражат шашып крематорий салудың қажеті қанша?! Жерлеу біздің мәдениетіміз, дініміз. Еліміздегі тарихи зираттарға қарап, жердің иесі екенімізді білеміз. Әруақ силау біздің қасиетіміз. Осынау байтақ далада мәйітті жерлеуге орын жетпейді деу ақылға сыйымсыз.
Әрине мына заманда жерлеуді белгілі бір стандарттарға келтіру қажет. Бай болсын, кедей болсын бөлінетін жердің мөлшері шектеулі болуы керек. Қалай болса, солай шашыраңқы, ыйқы-жыйқы бейіт тұрғызуды доғаруымыз қажет. Ысырап қылып зәулім-зәулім күмбезді зират тұрғызуды тоқтатуға тиіспіз. Жалпы зират аумағын ғана қоршап, белгі ретінде құлпы тасқа кісінің аты-жөні жазылса, жеткілікті. Мұның бәрін заңды түрде реттеуге болады. Мұфтият крематорий салуға ресми түрде өз позициясын білдіруге, зиярат тұрғызу, жерлеу тәртібін ұсынуға тиіс» дейді дінтанушы.
Ал ашық дереккөздеріндегі ақпаратқа сенсек, Астанада салынатын биологиялық және медициналық қалдықтарды жою паталогоанатомиялық бюросына 1 миллиаррд 519 млн 285 мың теңге бөлініп, құрылысы 2022 жылы аяқталады делініп жоспарланған. Жобаның бір мақсаты ретінде дәстүрлі жерлеу рәсімдеріне арналған зират территорияларының көлемін азайту деп көрсетілген.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы жаңалықтары 13 тамыздағы кезекті бір шығарылымында «мәйіт өртейтін крематорий салынбайды» деп хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, паталогоанатомиялық бюро Астанада бұрыннан бар мекеме екен. Бірақ ол мекеме 1974 жылы салынған, қазіргі заман талабына сай келмейді. Сондықтан жаңа диагностикалық мекеме салынбақ. Паталогоанатомиялық бюро қызметінің 80% диагностика жасау екенін Нұр-Cұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов та телеарнаға айтып берген.
Айтпақшы, кремторий салу жөнінде бастаманы көтерген адамдар да бар. Экс-депутат Нұрлан Жазылбектов: «Парламентте депутат болып жүргенде осыны көтердім, бірақ дін жағында жүрген әріптестеріміз қарсы болды да, сол бойы қалды. Қазір пендемия кезінде крематорий керек еді. Қауіпті індетпен өмірден өткендерді осы жолмен жерлеуге болар еді» деген azattyq-ruhy.kz сайтына.
Міне, крематорий төңірегіндей осындай түрлі дүние бар.
Соңғы мақалалар.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.