Біз
әлеуметтік
желіде
08-04-25 |
650 рет қаралған
Астанада Күйші Дина көшесінің бір бөлігі бірнеше айға жабылады.
Астанада Күйші Дина көшесінің бір бөлігі бірнеше айға жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Жұмабаев пен Абылай хан даңғылдарының арасындағы учаскеде Күйші Дина көшесінің құрылысын бастайды. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 сәуір мен 30 тамыз аралығында Күйші Дина көшесіндегі «Мирас» мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейінгі қозғалыс толығымен жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.