Біз
әлеуметтік
желіде
10-06-25 |
700 рет қаралған
Астанада Сәкен Мамаш ісі бойынша сот басталды.
Астанада Сәкен Мамаш ісі бойынша сот басталды

Астанада Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр.

Жәбірленуші тарап отырысты жабық түрде өткізуді талап етті, себебі жеке мәліметтердің жария болуын қаламайды. Ал Сәкен Мамаш керісінше, сот процесінің ашық болғанын құптайды, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарынан өзінің суретін жарияламауды сұрайды.

Еске салайық, Карина Мамаш күйеуі тарапынан он жыл бойы физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген болатын. Әйелдің айтуынша, ол осы жылдар бойы шыдап келген, өйткені күйеуі “оңай адам емес” еді. Оның соңғы қызметі — Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінде кеңесші болған. Бірақ жағдай шектен шығып кеткен. Каринаның айтуынша, бір күні Сәкен Мамаш оның қонаққа келген әпкесін ұрып соққан. Бұл кезде Каринаның өзі ауруханада болған, ал балалар әкелерімен бірге үйде қалған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.