arasha.kz

Астанада спортты дамыту дирекциясында 40 миллион теңгеден астам қаржы ұрланған

Астана қаласы «Олимпиадалық емес спорт түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.

«Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды.  Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады», – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.  

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Exit mobile version