15-01-19 |
2110 рет қаралған
Астанадағы Қытай жаңа жылының фотокөрмесі.
Астанадағы Қытай жаңа жылының фотокөрмесі

Астанада Қытай жаңа жылына арналған фотокөрме ашылды. Бұл туралы baq.kz жазады.

«Көктем мерекесі» деп аталатын фотокһрмені Қытай Халық Республикасының елшілігі мен Қазақстанның Ұлттық музейі бірлесе  ұйымдастырған. Көрменің ашылуында Ұлттық музей директорының орынбасары Айбай Сатыбалдин: « Қытайлықтар көктем мен қыс кездескен кезде ескіні шығарып салып, жаңаны қарсы алады. Табиғат ананың беретін сыйына алғыс айтады екен. Яғни көктем мерекесі Қытай өркениеті мен табиғаты арасындағы тығыз байланысты көрсетеді. Бүгінгі көрме нақ осы тақырыпқа арналған» депті. Ал Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо: «Бұл мереке – қытайлықтар үшін ең ерекше, көңілді, сүйікті, салтанатты мейрамдарының бірі. Жай мереке ғана емес, ұлттық мәдениеттің бір бөлшегі» деп атап өтіпті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.