18-01-24 |
7750 рет қаралған
Астанадағы зауыттардың бірінде мүгедек болып қалған ер адамға өтемақы төленбеген.
Астанадағы зауыттардың бірінде мүгедек болып қалған ер адамға өтемақы төленбеген

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Медет Токин Астанадағы бетон зауытына жұмысқа келіп, өндірістік жарақат алып, мүгедек болып қалды. Оның әйелі Жанельдің айтуынша, зауыт басшылығы өтемақы төлемеген, бұл іс тергеліп, көптеген заң бұзушылықтармен жабылған.

Press.kz сайтының жазуынша, 2023 жылдың 20 сәуірінде Астанадағы «Танжер-1» ЖШС-нің бетон зауытында Медет Токин көліктен құлап, өндірістік жарақат алған. Бұл оқиға түнде сағат 00:30-да болған.

«Түнде күйеуімнің қасында бүкіл ұжым жұмыс істеді. Бұл істе әу бастан оғаш нәрселер пайда бола бастады. Мысалы, олар жедел жәрдем шақырғанда, менің күйеуімнің Камаздан құлағанын айтқан, негізі ол ТДМ көлігінен құлаған. Дәлел ретінде бізде өте оғаш түсірілген және ұзақ уақыт бойы ешкім біздің қолымызға бергісі келмеген видео бар», – деді Жанель.

Аталған жайт бойынша 156-бап «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу қорытындысы бойынша қызметкер Медет Төкеновтің кінәсі 40 пайызды құрайтыны анықтапты.

«Абай Еркінов ұсынатын еңбек инспекциясы жан-жақты тексеру жүргізбеген. Тергеу қорытындысы бойынша, 40 пайыз қызметкердің кінәсі делінген. Біз мұнымен келіспейміз. Оның үстіне іс бізге ескертпей жабылды. Қазір адвокат жалдадық. Ол жұмыс істейді. Жолдасым 2-топтағы мүгедек болды. Қазір ол агрессивті, ешкіммен сөйлеспейді. Әрі қарай не болады, мен білмеймін. Астанадағы Қошқарбаев көшесіндегі көпсалалы ауруханада жатыр», – дейді әйелі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.