Біз
әлеуметтік
желіде
13-05-25 |
120 рет қаралған
Астаналықтар сусыз қалуы мүмкін.
Астаналықтар сусыз қалуы мүмкін

Елордаға су тапшылығы қаупі төніп тұр — 1969 жылы салынған су қоймасы небәрі 500 мың адамға ғана есептелген. Ал қалада судың баламалы көзі жоқ.

Бұл туралы депутат Павел Казанцев еске салды. Ол елорда тұрғындарының судың үздіксіз берілуінде жиі мәселелерге тап болатынын атап өтті.

Оған жауап ретінде Индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов 2023 жылдың соңында жаңа сүзгі станциясы іске қосылғанын айтты. Қазіргі таңда тәулігіне 350 мың текше метр су тұтынылатын болса, барлық станциялардың жалпы қуаты – 410 мың текше метр. Яғни, оның айтуынша, әзірге су тапшылығы жоқ.

Қазір елорда билігі сүзгі-насостық №4 станциясы мен су тартқыштар салуға арналған үш жобаны дайындап жатыр. Жобалардың жалпы құны – 17,6 миллиард теңге. Соның ішінде 3,2 миллиард теңгесі биыл бөлінбек.

Ал Су ресурстары министрі Нұрлан Нұржігітов суармалы су тарифтерінің жаңа әдістемесі әзірленіп жатқанын хабарлады. Жаңа тариф көлемі ауыл шаруашылығы дақылдарының түріне, тұтыну көлеміне және суды үнемдеу технологияларының бар-жоғына байланысты белгіленетін болады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.