Журналист Әсел Әбілбек су тасқынына қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді.
«Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаң су тасқынына қатысты түрлі ақпараттарды көресің. Қазіргі уақытта 9 өңірде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлар жарияланды. Жан-жақтан мүмкіндігінше гуманитарлық көмек беріліп жатыр. Бұл да бірліктің арқасы деп ойлаймын. Бірақ қате ақпарат таратып жатқандар да бар. Кеше ғана тик-токтан Астананың видеосын көрдім. Осыдан неше жыл бұрын түсірілген. Бір көшені су басқан видео. Төмендегі пікірлерде бұл қай жер? Мен Астананың қай жерінде өмір сүремін? Мұндай болған жоқ қой деп жазып жатыр. Осындай ақпараттармен шатастырып алмайықшы», – деп жазды журналист.
Сондай-ақ ол, ТЖ кезінде бірден қайырымдылық ұйымдары, жеке адамдар болсын судан зардап шеккендерге көмек көрсетуге тырысып жатқанын жазды.
«Кеше радиода тікелей эфирде отырып тик токтың стриміне кірдім. Бір жігітпен сөйлесіп қалдым. Атырауға гуманитарлық көмек алып бара жатыр екен. Бірінші Алматыдан Ақтөбе келген. Одан әрі қарай Атырау өңіріне алып барады. Бірнеше газельмен бара жатыр. Атырау мен Маңғыстау арасында тегін такси қызметін ұсынып жүрген жігіттерге айтар алғыс ерекше. Әйтпесе Алматыдан кейінгі жағдайдан кейін таксистердің іс-әрекетіне қынжылып та қалып едім. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Алғаш болып көмек жіберген қырғыз бауырларға да рахмет. Бастысы адам шығыны болмасыншы!», – деп жазды Ә.Әбілбек.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024