arasha.kz

Ата-аналар Тоқаев пен Аймағамбетовке петиция жазды

Қазақстандық ата-аналар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке петиция жазып, қол жинап жатыр. Мемлекет басшысы мен елдің бас педагогына жолданған хатта олар қашықтықтан оқытуға қарсы екендіктерін білдірді. Ата-аналар ҚР Конституциясының 30 бабына сәйкес, оқытудың толық көлемде болғанын талап етуде. «Орта мектептегі білім цифрлы суррогатпен алмастырылмай, күндізгі форматта шынайы түрде берілуі тиіс. Цифрлы технологиялар тек қосымша әдіс ретінде ғана қолданылуы керек», – делінген петицияда. Ата-аналар қашықтықтан оқудың бала денсаулығына, психикасына зиян екенін айтып мынандай талаптар қойған:

  1. Қазақстандық балаларға мектепке барып, сыныпта отырып білім алуға мүмкіндік беру.
  2. Ата-аналардың келісімінсіз білім беру үрдісіне сынақ-тәжірибелер жасамау.
  3. Білім берудегі цифрлы технологиялардың қауіпсіздігін шұғыл түрде тәуелсіз ғылыми сараптаудан өткізу.
  4. Электронды форматта оқытуды тек келісіммен жүзеге асыру.
  5. Қашықтықтан оқытудың кеңейтілген санитарлық нормаларын әзірлеу.
  6. Электронды форматта оқытуды қоғамдық бақылауға алу.
  7. Цифрлы форматта білім алатын оқушылар денсаулығын сақтаудың стратегиясын әзірлеу.
  8. Қашықтықтан оқытуды заңдастыру үшін «дөңгелек үстел» жиындары мен қоғамдық тыңдаулар өткізу. 
Exit mobile version