Біз
әлеуметтік
желіде
16-06-25 |
210 рет қаралған
Атом электр станциясында апат болса, кім жауап береді?.
Атом электр станциясында апат болса, кім жауап береді?

Халықаралық ережелерге, соның ішінде Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына сәйкес, атом электр станциясында кез келген оқиға үшін бірінші кезекте оның операторы жауапты болады.

Кім не үшін жауап береді?

▪️ Уәкілетті мемлекеттік органдар – АЭС-тің қауіпсіз жұмыс істеуіне жауап береді;
▪️ МАГАТЭ – ядролық қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттардың сақталуын қадағалайды;
▪️ Атом энергиясы жөніндегі агенттік жанындағы Атомдық қадағалау және бақылау комитеті – ядролық және радиациялық қауіпсіздікке жалпы бақылау жасайды;
▪️ Экология министрлігі – экологиялық нормалардың, соның ішінде шығарылатын заттар мен қалдықтарды басқару, қоршаған ортаға радиациялық әсер ету талаптарының орындалуын бақылайды;
▪️ Басқа мемлекеттік органдар – өнеркәсіптік қауіпсіздік, су ресурстарын қорғау, санитарлық бақылау, төтенше жағдайлардан қорғау секілді мәселелерге жауап береді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.