arasha.kz

Атырауда эвакуациялық пункттердегі тұрғындар толықтай үйлеріне оралды

 Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ жатақханасы мен APEC жоғары колледжінің базасындағы эвакуациялық пункттерінде орналасқан тұрғындар  7 маусым күні толықтай өз үйлеріне оралды.  Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.

Атырау қаласы бойынша барлығы 94 эвакуациялық пунктте тұрғындарға 10 250 орын дайындалды.

⁃ Өткен жұмада екі эвакуациялық пунктке орналастырылған Талдыкөл ауылының 180 тұрғыны үйлеріне оралды. Қазіргі уақытта Атырау қаласында эвакуацияланған адамдар қалмады, деп нақтылады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Exit mobile version