26-08-20 |
1040 рет қаралған
«Ауыл» партиясы фермерлермен бірігіп, ауылшаруашылығының проблемасын шешпек.
«Ауыл» партиясы фермерлермен бірігіп, ауылшаруашылығының проблемасын шешпек

«Ауыл» партиясы «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады. Бүгін тараптар өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойып, бірлесіп атқаратын жұмыстардың жоспарын пысықтады. Құжатқа сәйкес тараптар еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, ауыл шаруашылығы мен ауыл еңбеккерлерінің проблемаларын шешуге атсалыспақ. Меморандумға қол қойған «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев пен «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев екі жақтың бұған дейін де әріптестік қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

– «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» еліміздің түпкір-түпкіріндегі 40 мыңнан астам шаруаның басын қосатын белді ұйым. Біздің мақсатымыз бен мүддеміз ортақ. Ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелеріне қатысты ойымыз бір жер шығып жатады. Сондықтан бұл құжат ары қарай нәтижелі жұмыс істеуімізге септігін тигізеді деп ойлаймын, – дейді Әли Бектаев.  

Бүкіл әлемдік пандемия азық-түлік қауіпсіздігін қаматамасыз етудегі ауыл шаруашылығын маңыздылығын айқындап берді. Әлем жұрты ең басты байлық – денсаулық екенін түсініп, табиғи, таза өнімдерге деген сұраныс арта түсті. Сондықтан елімізді ауыл шаруашылығының сапалы өнімдерімен қаматамасыз ету аграрлық сектордың негізгі міндеті. 

– Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелді екені жасырын емес. Еліміздің ауылшаруашылық өндіріс кешенін дамытуға әлеуеті жеткілікті. Мал өсіріп, диханшылық кәсібімізді қайта жаңғыртып ауыл шаруашылығы саласының өндірісін дамытуымыз керек. Ауылды дамытпай мемлекеттің жағдайы оңалады деп айту қиын, – деді Қазақстан фермерлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы   Жигули Дайрабаев.

«Аграрлық саланы дамыту – ортақ мүддеміз» атты бірлескен отырыстың соңында «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев «Қазақстан фермерлері қауымдастығынан» қабылданған партияның жаңа мүшелеріне салтанатты түрде партиялық билеттерді табыс етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.