arasha.kz

«Ауылдан үй керек емес» Тұрғын Ақорданың алдына екі әйелі мен 14 баласын ертіп барды

14 перзенті бар көп балалы отбасы баспанасыз жүр. Тиісті мекемелерден жауап таппадым деген шымкенттік көп балалы әке Бағлан Орынбеков бүгін Ақорданың алдына екі әйелі, 14 баласымен келіп, көмек сұрады. Оның айтуынша, заңды некедегі жұбайы көпбалалы ана ретінде кезекте тұрып, талай жылдан бері баспана ала алмай келеді.

Мәселесін Шымкент қаласының әкіміне де, мәжіліс депутаттарына да талай айтқанымен ешкім шеше алмапты. Енді тек президенттен ғана үміт күтемін деген Орынбеков  Ақордаға келген. Бұл туралы Информбюро хабарлайды.

14 баланың әкесінің шағымын тыңдауға шыққан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Бағлан Орынбековтың баспанадан бөлек, тұрақты жұмысқа тұра алмай жүргенін де айттып мұңын жет. Көпбалалы әкенің мәселесін тыңдаған шенеунік оған бірден министрліктер үйіне баруды ұсынғанымен, 41 жастағы азамат көнбей қойды. Президенттен өзге ешкімге сенбейтінін айтқан ол шенеуніктер уәделерінде тұрмайды дейді.

“Оншақты министр, депутаттардың қабылдауына кіргізген. Олардың барлығы ештеңе істей алмағаннан кейін соңғысы Соловьева Айгүлдің қабылдауына кіріп, ол біздің документімізбен жүгірді. Бірақ ештеңе шешіп берген жоқ”, – дейді Бағлан Орынбеков. 

Бағлан Орынбеков мал шаруашылығымен айналысатын оңтүстіктің азаматтарына әкімдік көмек береді деген соң Павлодар облысының Железин ауданына да бала-шағасымен барыпты.

Айтуынша, үш күннен бері ол жақтың да шенеуніктері қабылдамай қуып шыққан. Министрдің кеңесшісінің қабылдауына кірген сәтте, «ауылдағы үйімді берейін» деп, қайырымдылық жасағысы келген азамат табыла кетті. Алайда, Бағлан Орынбеков «ауылдан үй керек емес» деп ашуланып отыр.

Exit mobile version