Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен 2018 жылы 17 қыркүйек күні Абай атындағы МАОБТ-та Халық қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Кеш барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек президент Н.Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды.
Сондай-ақ кеш барысында Қасым Қайсеновтің өмірі туралы деректі бейнефильм көрсетілді. Мағыналы, мазмұнды өткен кеште Фархад Көбеев, Андрей Трегубенко, Талғат Әбуғазы, Бақытгүл Бейсенбаева, Дархан Жолдыбаев сынды белгілі өнер шеберлері «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуін әндер шырқап, күйлер тартылды. Кеш Қасым Қайсеновтің тіршілігінде түсірілген бейнежазбасына құрылды. Поэтикалық-музыкалық кеш Алматы облыстық Бекен Римова атындағы драма театрының Қасым Қайсенов туралы «Жұмақ маған бұйырмас…» спектаклінің «Қасымның монологі» үзіндісіне орайластырылған Нұрғиса Тілендиевтің «Көгершіндер» әнімен аяқталды.