18-12-18 |
9980 рет қаралған
Қазақ балалары қытай ертегілерін оқып жүр.
Қазақ балалары қытай ертегілерін оқып жүр

Қазақстандық баспалардың бірі балаларға арнап қазақ тілінде қытай ертегілерін басып шығарған. Ол ертегі кітапшаларда балаларға арнайы қытай тілін оқып-үйренуге арналған сабақтары да бар. Ертегі бірінші қазақ тілінде жазылған, содан кейін «Қытай тілінде оқып-үйренейік» деген жеке бөлімде ертегі қытай тілінде жазылып, оқылуын латын қаріптерімен көрсеткен.

"Фолиант" баспасынан шыққан кітапшаның суреті
«Фолиант» баспасынан шыққан кітапшаның суреті

Кітапша түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Біздің қолымызға түскен кітапшада ертегінің мазмұнына қарай  қытайлардың ұлттық киімдерін киген кейіпкерлерінің суреті бейнеленген, кейіпкерлердің аты-жөндері Лу Сю, Жугы Ляң, Цау Цау деген сияқты қытай есімдері.

"Фолиант" баспасынан шыққан кітапшаның суреті
«Фолиант» баспасынан шыққан кітапшаның суреті

«Фолиант» ЖШС баспасынан бұдан да басқа қытай ертегілері басылып шыққан екен: «Айдаһар әміршісі», «Қоңырау ұрлау», «Ештен кеш жақсы», «Темір таяқтан тебен жасау» секілді бірқатар ертегілер бар.

Балжан Жеңісқызы, arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.