Ержан Жанабаев есімді қолданушы өзінің фейсбук парақшасында Астанада өрттен қайтыс болған бес баланың отбасы тұрған «времянканы» видео түсіріп, жариялады.
Видеода көрінетіндей «времянка» үлкен үйдің есік алдындағы қораға ұқсайды. Желі қолданушының жазуынша, отбасы 10 кв.метр аумақша тұрған және төрт бірдей несиесі болған. Сол несиені төлеп, балаларды асыру үшін ерлі-зайыптылар күні-түні жұмыс істеген. Сондай-ақ, Ержан Жанабаев балаларды жерлеу рәсімі ертең сағат 11 де, Көкталда өтетін де хабарлаған.